2023 жылы атқарылған жұмыс туралы қорытынды ақпарат

2023 жылы атқарылған жұмыс туралы қорытынды ақпарат

Мәдениет, тілдерді дамыту және спорт мекемелерінің желісі келесі мекемелерді қамтиды:

- Қалалық мәдениет үйі; Қалалық кітапхана; Достық үйі; Тілдерді оқыту орталығы; Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі; Спорт клубы.

Ағымдағы жылы мәдениет мекемелерімен 200-ден астам іс-шара, оның ішінде халықаралық би күніне арналған 1 облыстық іс-шара өткізілді.

2022 жылдың осындай есептік кезеңінде 182 қалалық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, оның ішінде салтанатты жиындар мен мерекелік концерттер, қаланың орталық алаңдарында халықтық мерекелер мен жаңа жылдық концерттер, күнтізбелік және балалар мерекелері, конкурстар мен фестивальдар, шығармашылық есептік концерттер.

Мәдениет үйі шығармашылық және демалыс ұжымдарының қызметін жинақтайтын мәдени-демалыс қызметінің орталығы болып табылады.

Қалалық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдарында республикалық, облыстық фестивальдар мен конкурстарға қатысатын 7 үйірме және 6 көркемөнерпаздар ұжымы жұмыс істейді.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Курчатов қаласындағы "Ақ көгершін" үлгілі ансамблінің кіші тобы Семей қаласында өткен "BIG DANCE" хореографиялық өнер байқауы-фестивалінің ГРАН-ПРИін жеңіп алды.

Абай облысының мәдениет басқармасының бастамасымен қала әртістері Алакөл көлінің шығыс жағалауындағы "Алакөл Alazone" алаңында көшпелі концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Қаланың мәдени өміріндегі жарқын оқиғалардың бірі – өнер  жұлдыздарының, мәдениет қайраткерлерінің және облыстық театрлардың гастрольдік сапары болып табылады.

Мамыр айында Атырау облыстық филармониясының Қаршыға Ахмедыяров атындағы «Нарын» халық аспаптар оркестрінің концерті өтті.

Сәуір айында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақ эстрадасының аты аңызға айналған өнер иесі Жұбаныш Жексеннің концерті өтті.

Сәуір айында «Истоки» орыс әні халық хорының концерті және Азамат Құрманбектің «Мен сені сүйем өмір» атты қайырымдылық концерті өтті.

Қараша айында Семей қаласының «Дариға-ай» жастар театры қаламыздың кішкентай тұрғындарына «Шыбын Бике» ертегісін, сондай-ақ ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Жетім» повесі бойынша қойылымын ұсынды.

Желтоқсан айында Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармониясының «Үміт мекені» атты концерті өтті.

Сондай-ақ, бекітілген жоспар бойынша шығармашылық ұжымдар мен көркемөнерпаздар әртістерінің есептік концерттері өткізіледі.

Сәуір айында облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Абылай Ернардың «Ән қанатында!» атты жеке концерті өтті.

Қалалық кітапханада жалпы кітап қоры 2023 жылғы 1 қарашасына - 33 760 дананы құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілдегі қор – 8626 дана.

2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қалалық кітапханаға келушілер саны - 11 187, кітап беру – 31 681, 2058 оқырманға немесе тұрғындар санының 31,5%-на, яғни қаланың әрбір 3-ші тұрғынына қызмет көрсетілді: оның ішінде балалар – 1008 адам (оқырмандар санының 23,9% - ы), жастар - 282 адам (26,5%).

Қалалық кітапхана қаламыздың ақпараттық-мәдени кеңістігінде жоғары орынға ие. Негізгі қол жеткізілген көрсеткіштер кітапхана қызметіне халықтың сұранысының жоғары екенін көрсетті, олардың ассортименті жылдан жылға кеңейіп келеді.

Достық үйінде «Атамұра» қазақ мәдени орталығы және «Русана» орыс және «Свиточ» украин 2 этномәдени бірлестіктері жұмыс істейді.

Достық үйінің жанынан ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, Медиация кеңесі, "Рухани жаңғыру" қалалық штабы құрылған.

Мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау және қазақ тілінде сөйлейтін дарынды жастарды қолдау мақсатында тақырыптық фестивальдер, конкурстар, байқаулар өткізілуде.

Конкурс-байқаулардың жеңімпаздары облыстық іс-шараларға Курчатов қаласының атынан қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.

Мамыр айында үш тілді – қазақ, ағылшын, орыс тілдерін меңгерген жастар арасында өткен "Тіл шебері-2023" облыстық байқауында № 4 ЖОББМ ағылшын тілі мұғалімі Бейсекенова Дильшат 2-жүлделі орынға ие болды.

Маусым айында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы ересек тұрғындарға мемлекеттік тілді оқытатын ұстаздар арасында «Үздік педагог» облыстық байқауын өткізіп, Курчатов қаласы Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Темірбекова Айнаш 2-орын иеленді.

2023 жылдың қазан айында Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығын мерекелеу аясында «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы...» атты көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті, нәтижесінде Курчатов қаласының намысын қорғаған № 1 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айболат Оразқан 2-орынға ие болды.

Курчатов қаласында балалар, жасөспірімдер және бұқаралық спортты дамыту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Курчатов қаласындағы спорт мекемелерінің желісін балалар мен жасөспірімдер Спорт мектебі, Спорт клубы ұсынады.

Қалада 23 спорт нысаны бар.

Анықтама: 4 - хоккей корты, 1 - бассейн, 4 - спорт залы, 14 - жазықтық құрылыс, 8  - спорт алаңы, 6 - алаң.

Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындар саны жыл сайын артып келеді, есепті кезеңде бұл көрсеткіш 41,8%-ды құрады, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 3,8%-ға жоғары. (2022-38,0%)

Анықтама: Курчатов қаласында тұратын 10393 адамның 4341 адамы немесе жалпы қала халқының 41,8 пайызы дене шынықтырумен және спортпен айналысады.

БЖСМ спорт секцияларында спорттың 9 түрі бойынша  600 оқушы оқиды, (армрестлинг, волейбол, дзюдо, гір спорты, қазақ күресі, шаңғы жарысы, футбол, үстел теннисі, жүзу), спорт клубында 300-ден астам адам 8 секцияда спортпен шұғылданады. (хоккей, таэквондо, футбол, баскетбол, фитнес, гір спорты, ұлттық спорт түрі жекпе-жек, 2024 жылы Садақ ату секциясын ашу жоспарланған).

Дене шынықтыру мен спортты дамыту және насихаттау мақсатында қалада барлық спорт түрлері бойынша турнирлер, біріншіліктер, жарыстар өткізіледі.

2023 жылы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 50-ден астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, оның ішінде 15 облыстық іс-шараға 2000-нан астам адам қатысты.

Биыл біздің спортшылар 44 облыстық, 14 республикалық және 2 халықаралық жарыстардан 146 алтын, 175 күміс және 180 қола медаль жеңіп алды.

Жерлестеріміздің спорттық өміріндегі елеулі жетістіктерінің бірі -таэквондо ITF бойынша әлем чемпионатына қатысып, 54 келі салмақта 1-орынды жеңіп алуы.

Гір спорты секцияларының үш спортшысы әлем чемпионатына және біріншілігіне қатысты, спортшылар 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.  Жылдан жылға гір спортшылары тек қаламызда ғана емес, әлемде де ең мықты екенін дәлелдеп келеді.

Дата публикации
27 февраля 2024