Курчатов қаласының халқының көші-қоны.

Халықтың  көші-қоны  –  тұрғылықты  жерін  ауыстыруына  байланысты  аумақ шекарасы  арқылы  (елдер,  өңірлер,  облыстар,  аудандар және  т.б.)  адамдардың (көшіп-қонушылардың) қозғалысы.

            Көшіп-қонушы – көші-қон үдерісіне қатысушы тұлға. Әрбір көшіп-қонушы кеткен аумағына  қатысты  алғанда  кетуші  және  келген  аумағына  қатысты  алғанда  келуші болып табылады.

Келгендер  саны  –  есепті  кезең  ішінде  аталған  аумаққа  одан  тыс  жерлерден келген адамдар саны.

Кеткендер  саны  –  есепті  кезең  ішінде  аталған  аумақтан  тыс  жерлерге  кеткен адамдар саны.

Келу аумағы – көшіп-қонушының келген аумағы.

Кету аумағы – көшіп-қонушының кеткен аумағы.

Облыс аумағына келген, сондай-ақ одан кеткен адамдар саны аумақтық көші-қон полициясы  бөліңістерінен  келіп  түскен  келу  және  кету  есебінің  статистикалық талондарын  өңдеу  нәтижесінде  анықталады.

Статистикалық  талондар  халықты тұрғылықты  жері  бойынша  тіркеу  кезінде  мекенжай  парақшаларымен  бір  мезгілде толтырылады.

Деректер  қалалық  және  ауылдық  жерлер,  жынысы  және  жасы,  келу және кету аумақтары, көші-қон ағынының бағыттары бойынша таратылады.

Көші-қон сыртқы (елдің шегінен тыс жерге кету немесе оның шегінен тыс жерден келу)  және  ішкі  (елдің  ішінде  –  республика  ішілік:  облысаралық  және  облысішілік) болып бөлінеді.

Көші-қон  сальдосы  –  белгілі  бір  кезең  ішінде  келгендер  мен  кеткендер  саны арасындағы айырма. Егер кеткендер саны көп болса, ол теріс мәнді болады.

            2020 жылғы қаңтар-маусым айына көші-қон алмасуы  нәтижесінде Курчатов қаласынан 179 адам кетіп, Курчатов қаласына 188 адам келді.

            Курчатов қаласының көші-қон сальдосы  9 адамды құрады.

Курчатов қаласының Статистика басқармасы

Курчатов қаласының халқының көші-қоны.
Дата публикации
27 августа 2020