2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету қорытындылары және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша ішкі мемлекеттік бақылау бойынша өткізілген іс-шаралар есебі

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету қорытындылары және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша ішкі мемлекеттік бақылау бойынша өткізілген іс-шаралар есебі

 Тізілімге сәйкес жергілікті атқарушы органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар 175 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде 65 Мемлекеттік қызмет қалалық және аудандық әкімдіктермен және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарымен көрсетіледі.

2023 жылы Курчатов қаласы бойынша жергілікті атқарушы органдармен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен 2856 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Оның ішінде:

қызметті берушілер балама негізде кеңсе арқылы қағаз нысанда көрсеткен, бірақ "электрондық үкіметтің" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін – 319(11,16%);

электрондық түрде – 2537(87,88%)–мемлекеттік қызмет, оның ішінде: ЭҮП – 1659(58,08); Е-лицензирование – 200(7,00%); электрондық түрде қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді қолмен енгізу арқылы көрсетілді 678(23,73%).

ЭҮП арқылы қызмет көрсетудің жоғары көрсеткіштері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі,автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет, қала құрылысы бөлімінде (98%), ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінде (99%).

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде (73,7%) көрсетілген электрондық қызметтердің ең аз саны.

2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетуден 65 бас тарту тіркелген және барлығы негізделген.

Курчатов қаласы бойынша 7 өзіне - өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмыс істеу тиімділігіне талдау жүргізілді (1-әкімдікте, 4 мектепте, 1 - қалалық кітапханада, 1 - мансап  орталығы).

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында 2023 жылы 4148 қызмет көрсетілді. Ең жиі көрсетілетін қызметтер жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу, баланың тууы туралы тіркеу, неке қию, баланы балабақшаға кезекке қою, мекенжайын нақтылау, жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама алу, зейнетақы аударымдары туралы анықтама, наркологиялық, психоневрологиялық және туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама алу.

«Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау шаралары» критерийі бойынша дербес бөлімдерде мерзімі бұзылған Мемлекеттік қызметтер тіркелмеген. Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар тіркелген жоқ.

2023 жылы әлеуметтік желілерде, интернет ресурстарда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша 43 түсіндіру іс-шарасы орналастырылды, 7351 адам қамтылды.

 

2023 жылға мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу бойынша

 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының (бұдан әрі-қағидалар) 42, 47-тармақтарына және Курчатов қаласы әкімі аппараты басшысының 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына  ішкі мемлекеттік  бақылау жүргізудің іс-шаралар жоспарын бекіту туралы бұйрығына сәйкес. Курчатов қаласы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімі халыққа мемлекеттік қызмет көрсететін қаланың мемлекеттік мекемелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында жоспарланған 2 бақылау іс-шараларын өткізді. Ішкі мемлекеттік бақылау бойынша бұзушылық анықталған жоқ.

 «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жақсарту мақсатында жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және күнделікті бақылауда.

Дата публикации
13 февраля 2024