Курчатов қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

ЖОБА

Курчатов қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 4, 5-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына,  «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы     Өнеркәсіп    және    құрылыс    министрінің     2023     жылғы

8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Курчатов қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. Курчатов қалалық мәслихатының «Курчатов қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2023 жылғы 30 қарашадағы № 12/72-VIII (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №174-18 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы                                        тегі, аты, әкесінің аты

Дата публикации
05 февраля 2024