Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 14/84-VIII «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» № 14/84 - VIII шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және көрсетілген шешіммен бекітілген азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары:
10 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Мереке және атаулы күндерге алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерін Абай облысының ЖАО-мен келісім бойынша жергілікті өкілді органдар бірыңғай мөлшерде белгілейді.
Әлеуметтік көмек әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға дәрігерлік-консультативтік комиссияның анықтамасы негізінде кірістерді есепке алмай, уәкілетті органның тізімі бойынша ай сайын көрсетіледі:
Амбулаториялық емдеудегі туберкулез ауруымен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмек және диспансерлік есепте тұрған адамның иммун тапшылығы вирусы (бұдан әрі – АИТВ) ауруы бар балалардың ата – аналарына немесе заңды өкілдеріне немесе АИТВ ауруымен ауыратын балаларға әлеуметтік көмек-ай сайын 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Курчатов қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының тізімдері бойынша, аллерголог - маман мен невропатологтың (ата-аналарының біріне немесе балалардың заңды өкілдеріне) қорытындысы бар, мұрынішілік зонд арқылы аминқышқылдары бар мамандандырылған гиппоаллергенді стандартты қоспамен (ақуызсыз) тамақтанатын балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне (ата-аналарының біріне немесе балалардың
заңды өкілдеріне) әлеуметтік көмек, кірістерді есепке алмағанда, ай сайын 55 (елу бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
Курчатов қалалық
мәслихатының төрайымы Г. Хусайнова