Курчатов қаласындағы инвестициялық қызмет туралы
Негізгі капиталға салынған инвестициялар – жаңа құрылысқа, кеңейтуге, сонымен қоса объектінің бастапқы құнының көбеюіне әкелетін объектілерді қайта құру мен жаңарту, машина,құрал-жабдықтарды,көлік құралдарын сатып алуға, негізгі табынды, көпжылдық екпелерді қалыптастыруға және т.б. бағытталған инвестордың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық әсерді алу мақсатында қаражаттарды салуы.
Курчатов қаласы бойынша 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына негізгі капиталға салынған инвестициялар 4564,7 млн. тенгені құрады (өткен жылғы тиісті кезеңіне 93,9 %), соның ішінде ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстары 749,7 млн. тенгені құраса, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар және оларды күрделі жендеу - 3 810,6 млн. тенгені, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындар – 4,4 млн. тенгені құрады.
Курчатов қаласының статистика бөлімі.