2023 жылы Курчатов қаласы әкімінің халықпен кездесуі барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат
|
№ р/с |
Айтылған ескертулер / ұсыныстар |
Орындалу мерзімі |
Жауапты |
Орындалу барысы |
|
1 |
Қала жағалауын жөндеу мәселесін шешу қажеттілігі туралы. |
01.07. 2023ж.
|
Абай облысы Курчатов қаласының ТҮКШ, ЖК, АЖ, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі |
Қазіргі уақытта «Ақ балкон» жағалауын ағымдағы жөндеу бойынша өнім берушімен жұмыс шарты жасалып, жұмыстар 01.07.2023 жылы аяқталуы тиіс еді, алайда өнім берушімен жұмыстар басталмағандықтан сотқа талап арыз беру үшін сотқа дейінгі наразылық жіберілді, шарт бұзылды. 01.08.2024 ж. ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ |
|
2 |
Абай көшесі 15, тротуарды жөндеу қажеттілігіне қатысты |
15. 08. 2023ж. |
Абай облысы Курчатов қаласының ТҮКШ, ЖК, АЖ, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі |
Мердігерлік ұйым 12 ауланы, оның ішінде Абай көшесі 15 абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізді, шеткі жағынан тротуар зақымдалған болатын, асфальтты жөндегеннен кейін «Ержас Құрылыс» ЖШС мердігерлік ұйымымен аталған жұмыстар жасалды. ОРЫНДАЛДЫ |
|
3 |
Ойын алаңдары үшін кім жауап береді және ағымдағы жылы қала бойынша алаңдар орнатыла ма?
|
01.06. 2023ж. |
Абай облысы Курчатов қаласының ТҮКШ, ЖК, АЖ, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі |
Қазіргі уақытта балалар ойын алаңдарын жөндеу және қызмет көрсету бойынша өнім беруші анықталып, шарт жасалды, балалар ойын алаңдарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Курчатов қаласы бойынша барлық балалар ойын алаңдары ТҮКШ теңгерімінде. ОРЫНДАЛДЫ |
|
4 |
Олимпийская көшесі, 25-үй маңындағы тротуар бұзылған, бұл үшін кім жауап береді және тротуар қашан жөнделеді? |
01.08. 2023ж. |
Абай облысы Курчатов қаласының ТҮКШ, ЖК, АЖ, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі |
Олимпийская көшесі 25 және 27 үйлерінің арасындағы көшеде жаяу жүргіншілерге арналған тротуар қалпына келтірілді. Тротуарлар ТҮКШ теңгерімінде. ОРЫНДАЛДЫ
|
|
5 |
Тұрғындардан қоңырауларды уақтылы қабылдау бөлігінде қалалық аурухананың тіркеу бөлімінің сапалы жұмысын қамтамасыз ету |
20.09. 2023ж. |
Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Курчатов қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК (келісім бойынша) |
2023 жылдың қаңтар айынан бастап қалалық ауруханада МАТС басқару интерфейсі орнатылған, барлық келіп түскен қоңыраулар тіркеліп, аудиожазба жүргізіледі. Тіркеу бөлімінің телефон нөмірі өзгертілген, ол туралы БАҚ арқылы хабарланды, сондай-ақ қосымша ұялы телефон нөмірі орнатылған. Ақпарат қала тұрғындарына БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жеткізілді. ОРЫНДАЛДЫ |
|
6 |
№3 орта мектеп аумағына кіре берісте жаңбырдан кейін судың жиналуын болдырмау мәселесін шешу |
15.09. 2023ж. |
Абай облысы Курчатов қаласының ТҮКШ, ЖК, АЖ, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі |
№3 ЖОМ аумағының алдына қиыршық тас себіліп, судың жиналуы жойылды. ОРЫНДАЛДЫ |
|
7 |
Абай көшесі, 38 мекенжайындағы үйдің алдында жаңбырдан кейін судың жиналуын болдырмау мәселесін шешу |
15.09. 2023ж. |
Абай облысы Курчатов қаласының ТҮКШ, ЖК, АЖ, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі |
Су бұру құдығына баратын су төгілетін арна уақытша жасалды. Келесі жылы осы үйдің алдында судың жиналуын болдырмау үшін жаяу жүргіншілер жолының деңгейін биігірек көтеру қажет. 01.08.2024 ж. дейін ҰЗАРТЫЛДЫ |
|
8 |
«Курчатов Водоканал» ШЖҚ МКК жұмыстан шығарылған қызметкерлерінің алдындағы сақтандыру және зейнетақы төлемдері бойынша берешекті төлеу мәселесін шешу |
28.09. 2023ж. |
Абай облысы Курчатов қаласының ТҮКШ, ЖК, АЖ, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі |
«Курчатов Водоканал» ШЖҚ МКК жұмыстан босатылған қызметкерлеріне берешекті төлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. ЖҰМЫС БАҚЫЛАУЫНДА |