Абай облысы Курчатов қалалық мәслихаты сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЫ

Абай облысы Курчатов қалалық мәслихаты сайлау комиссияларының

жаңа құрамын қалыптастыру туралы

ХАБАРЫ

             «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Абай облысының Курчатов қалалық мәслихаты аумақтық және 12 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыратыны туралы хабарлайды.

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамы жеті мүшеден құрылады, ал учаскелік сайлау комиссияларының құрамы бес мүшеден құрылады. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптасатын комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

            2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері;

5) Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында (аумақтық сайлау комиссияларына кандидаттар үшін) «сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесінде Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын білуге арналған тестілеуден өткені туралы сертификат.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.    

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты болуға тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 8 желтоқсанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 08:30-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12: 30-дан 14: 00-ге дейін жүзеге асырылады.

  Курчатов қалалық мәслихаты

 

Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы – Хусайнова Галия Маратовна.  

Мәслихаттың орналасқан жері: Курчатов қаласы,  Тәуелсіздік көшесі, 4 үй.

Жауапты адам - Сакаев Ерболат Толеубекович, каб. № 220, қалааралық телефон коды (872251), қызметтік телефон нөмірі 3 40 66, ұялы телефоны 8 775 118 06 13, факс 8(72251) 3 31 80 электронды пошта мекенжайы t.mustafina@akimatabai.gov.kz

 

Қалалық мәслихат қалалық аумақтық сайлау комиссиясының және 12 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды: 

№ р/с

Сайлау комиссиясының нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

 

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1

2

3

4

 Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

1.

 

Сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Курчатов қаласы, Абай көшесі,14

7

 12 учаскелік сайлау комиссиялары

  1.  

№ 150

Сайлау комиссиясының орналасқан жері: Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 2

«Абай облысы Курчатов қаласының Қалалық мәдениет үйі» МКҚК ғимараты

5

  1.  

№ 151

Сайлау комиссиясының орналасқан жері: Курчатов қаласы, Абай көшесі, 12 «ҚР ІІМ Абай облысы полиция департаменті Курчатов қаласының полиция бөлімі» ММ ғимараты

5

  1.  

№ 152

Сайлау комиссиясының орналасқан жері: Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі,10 Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ғимараты

5

  1.  

№ 153

Сайлау комиссиясының орналасқан жері: Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі,10 Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ғимараты

5

  1.  

№ 154

Сайлау комиссиясының орналасқан жері: Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі,10 Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ғимараты

5

  1.  

№ 155

Сайлау комиссиясының орналасқан жері: Курчатов қаласы, Олимпийская көшесі, 3, Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 3 орта мектебі» КММ ғимараты

5

  1.  

№ 156

Сайлау комиссиясының орналасқан жері: Курчатов қаласы, Олимпийская көшесі, 3, Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 3 орта мектебі» КММ ғимараты

5

  1.  

№ 157

Сайлау комиссиясының орналасқан жері: Курчатов қаласы, Олимпийская көшесі, 3, Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 3 орта мектебі» КММ ғимараты

5

  1.  

№ 158

Сайлау комиссиясының орналасқан жері: Курчатов қаласы, Олимпийская көшесі, 30, Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «Журавушка» балабақшасы» МКҚК ғимараты

5

  1.  

№ 159

Сайлау комиссиясының орналасқан жері: Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 12, Абай облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Курчатов қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ

5

  1.  

№ 160

Сайлау комиссиясының орналасқан жері: Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 12, Абай облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Курчатов қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ

5

  1.  

№ 161

Сайлау комиссиясының орналасқан жері: Курчатов қаласы, Абай көшесі, 50 Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «№4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ғимараты

5

 

Курчатов қалалық мәслихаты

Дата публикации
09 ноября 2023