Курчатов қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 346 «Курчатов қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

ЖОБА

 Курчатов қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 346 «Курчатов қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Курчатов қаласы әкімдігінің «Курчатов қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау бекіту туралы» 2020 жылғы 27 тамыздағы № 346 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7503 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Абай облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны Курчатов қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамысыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Курчатов қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 Лауазымы                                                                                       Аты-жөні

Дата публикации
06 ноября 2023