2023 жылғы 5 қарашада өткен Абай облысы Курчатов қаласы әкімінің сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2023 жылғы 5 қарашада Абай облысы  Курчатов қаласы әкімінің сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 6 931 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 5 198 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 63 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 2 кандидат.

 

Курчатов қаласы әкімі сайлауының қорытындылары мынадай болып белгіленді:

Абдралиев Болат Тансыкбаевич үшін сайлаушылардың 3 733 дауысы берілді,

Хусайнова Галия Маратовна үшін сайлаушылардың 732 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 463.

 

Сайлау қорытындыларымен Курчатов қаласының әкімі болып Абдралиев Болат Тансыкбаевич сайланды, 1976 жылы туған, Курчатов қаласының әкімі, Курчатов қаласы.

 

 

Курчатов қаласының

аумақтық сайлау комиссиясы

 

2023 жылғы 5 қарашада өткен Абай облысы Курчатов қаласы әкімінің сайлау қорытындылары туралы хабарлама
Дата публикации
06 ноября 2023