Курчатов қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 26/162-VIІ «Курчатов қаласының 2023 – 2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ШЕШІМ ЖОБАСЫ

 

Курчатов қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 26/162-VIІ

«Курчатов қаласының 2023 – 2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Курчатов қалалық мәслихатының «Курчатов қаласының 2023 – 2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2022 жылғы 28 желтоқсандағы 26/162-VII  шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:  

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Курчатов қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 2 666 068,8 мың теңге:

         салықтық түсімдер – 1 773 309,0  мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 21 121,0 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 10 263,0 мың теңге;

         трансферттер түсімі – 861 375,8  мың теңге;

         2) шығындар – 2 979 355,1 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – - 18 890,0 мың теңге:

         бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 18 890,0 мың теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу –  0,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 294 396,3  мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –  294 396,3 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0,0 мың теңге;

          қарыздарды өтеу – 18 890,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 313 286,3  мың теңге.»;

        4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«4. 2023 жылға арналған қалалық бюджетте облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 318 863,8 мың теңге сомасында қарастырылсын.»;

        көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
12 октября 2023