ШЕШІМ ЖОБАСЫ
Курчатов қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 26/162-VIІ «Курчатов қаласының 2023 – 2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Курчатов қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 2 656 878,8 мың теңге:
салықтық түсімдер – 1 773 309,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 21 121,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 10 263,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 852 185,8 мың теңге;
2) шығындар – 2 970 165,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – - 18 890,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 18 890,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 294 396,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 294 396,3 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 18 890,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 313 286,3 мың теңге.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2023 жылға арналған қалалық бюджетте облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 309 673,8 мың теңге сомасында қарастырылсын.»;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. 2023 жылға арналған қалалық бюджетте облыстық бюджеттен дамуға арналған нысаналы трансферттер 20 000,0 мың теңге сомасында қарастырылсын.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.