2023 жылғы қаңтар-тамыз айына Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы

2023 жылғы қаңтар-тамыз айына Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы

 Өнеркәсіп өндірісі. Өнеркәсіп кәсіпорындарымен өндірілген нақты бағадағы өнеркәсіп өнімінің (жұмыстар, қызметтер) көлемі 2023 жылғы қаңтар-тамыз айында 2 580,7 млн. теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімі көлемінің нақты индексі өткен жылға 126,7 %-ды құрады. Кен өндіру өнеркәсібі  1 326, 7 млн. теңгеңі, көлемінің нақты индексі өткен жылға    172,3%-ды құрады, өндіру өнеркәсібі   403, 5 млн. теңгені, көлемінің нақты индексі өткен жылға    114,5%-ды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2023 жылғы қаңтар-тамыз айында 2 962,3 млн. теңгені құрады. Көлемінің нақты индексі өткен жылға 203,3 %-ды құрады. 2023 жылғы 1 тамыз шағын бизнес бойынша тіркелген кәсіпорындар саны 78 бірлікті құрады, соның ішінде жұмыс істеп тұрғандар 59  бірлік.

Дата публикации
21 сентября 2023