Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар (жастар, аз қамтылған көп балалы отбасылар, еңбекке жарамды мүгедектер) тікелей немесе "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының филиалы арқылы кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша кеңестер алу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгіне алады. Жаңа бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ бағдарламаға мүдделі қатысушылар кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына қатысу үшін жіберіледі.