2020 жылдың 1 шілдесіне атаулы әлеуметтік көмекке 85 отбасы өтініш білдірді. Өтініш берген 85 отбасының 32 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, 144 адам (ересектер 50 адам, балалар 94 адам). Тағайындалған 32 отбасының ішінде: 12 көп балалы отбасы, саны 73 адам (ересектер 21 адам, балалар 52 адам), 20 аз қамтылған отбасы, саны 71 адам (ересектер 29 адам, балалар 42 адам).
Тағайындалған 32 отбасы, еңбекке жарамды 46 адам, зейнеткерлер 2 адам, 2 айдан астам еңбекке жарамсыз 2 адам.
Еңбекке жарамды 46 адам:
-жұмыс істейтіндер-19 адам, оның ішінде 10 көп балалы және 9 аз қамтылған адамдар;
-қоғамдық жұмыстарға жіберілгендер-4 адам;
-әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілгені-2 адам;
-тұрақты жұмыс орындарына – 5 адам жұмысқа орналастырылды (2 адам қоғамдық жұмыстан кейін)
-200 АЕК – тен 1 адам грант алды;
-бала күтімі бойынша-17 адам.