2023 жылғы қаңтар-шілде айына Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Өнеркәсіп өндірісі. Өнеркәсіп кәсіпорындарымен өндірілген нақты бағадағы өнеркәсіп өнімінің (жұмыстар, қызметтер) көлемі 2023 жылғы қаңтар-шілде айында 2 189,9 млн. теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімі көлемінің нақты индексі өткен жылға 130,3 %-ды құрады. Кен өндіру өнеркәсібі 1 074,7млн. теңгеңі, көлемінің нақты индексі өткен жылға 188,6%-ды құрады, өндіру өнеркәсібі 344,2 млн. теңгені, көлемінің нақты индексі өткен жылға 116,5%-ды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2023 жылғы қаңтар-шілде айында 2 929,3 млн. теңгені құрады. Көлемінің нақты индексі өткен жылға 287 %-ды құрады. 2023 жылғы 1 шілде шағын бизнес бойынша тіркелген кәсіпорындар саны 78 бірлікті құрады, соның ішінде жұмыс істеп тұрғандар 58  бірлік.

Дата публикации
28 августа 2023