«Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің 2022 жылғы жұмысы туралы есебі

Ішкі саясат саласындағы жұмыс ішкі саяси тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді одан әрі нығайтуға, азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

2022 жылы мемлекеттік, ұлттық және кәсіби мерекелерге, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мен түсіндіруге, сондай-ақ мерейтойлық даталарға арналған 864 қоғамдық маңызы бар іс - шаралар өткізілді.

Іс – шараның белсенді қатысушылары тұрғындардың барлық топтарының өкілдері - ардагерлер, үкіметтік емес сектордың, бизнес-құрылымдардың, діни конфессиялардың өкілдері, ғалымдар, мұғалімдер, дәрігерлер, оқушылар және басқалар болды.

Дата публикации
08 февраля 2023