2020 жылдың 1 сәуіріне Курчатов қаласы бюджеттің орындалуы туралы АҚПАРАТ

Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы.

2020 жылдың 3 айна қала бюджетінің орындалуы республикалық және облыстық бюджеттерден алынған нысаналы трансферттер, субвенциялар есебімен жоспар бойынша 468 814,4  мың теңге сомасын  құрап, 460 913,3 мың теңгеге немесе 98,3 % игерілді. Соның ішінде:

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге 54 158,7 мың теңге жұмсалды, жоспар бойынша 54 396,0 мың теңге, немесе 99,8. Оның ішінде:

-мәслихат аппаратын, әкім аппаратын, экономика және қаржы бөлімін, білім, дене шынықтыру және спорт бөлімін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімін ұстау;

- компьютерлер, елтаңба, мемлекеттік рәміздер,  процессорлар, вирусқа қарсы бағдарламалар, жиһаздар, кілем тәрізді төсеніштер, кеңсе және шаруашылық тауарлар, ЖММ, компьютер техникаларына шығыс материалдар, телефон аппараттары, кондиционерлер, кеңсе креслаларысатып алынды; 

- Семей облыстық сотының тұрақты сессиясының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 26.07.1990 жылғы шешімі негізінде сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға жергілікті атқарушы органның резерві есебінен И. Н. Даньконың пайдасына 28,0 мың теңге жұмсалды.;

2020 жылдың 1 сәуіріне Курчатов қаласы бюджеттің орындалуы туралы АҚПАРАТ
Дата публикации
04 июня 2020