«Әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссия туралы» Курчатов қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 719 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағы 17) тармақшасына сәйкес, кадрлық өзгерістерге байланысты Курчатов қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссия туралы» Курчатов қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 719 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшадағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссиясына (әрі қарай комиссия):

комиссия төрағасы болып Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Нұрбек Тұрсынқанұлы Қошқарбаев енгізілсін;

комиссия мүшелері болып «Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Светлана Викторовна Кайдарова, полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Алмас Нұрғазыұлы Жайкенов (келісім бойынша), «Достық үйі» КМҚК директорының міндетін атқарушы Асемгуль Каипханқызы Калимолдина енгізілсін;

көрсетілген комиссия құрамынан: Алексей Юрьевич Глазинский, Ержан Серхилұлы Каратаев, Жасұлан Шыңғысұлы Исаинов, Берік Серікұлы Жолдахмет шығарылсын.

  1. Курчатов қаласының әкімі аппаратының басшысы (М.Табылдин) Комиссияның өзгертілген құрамын осы қаулының қосымшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихатының сессиясына бекітуге енгізсін.
  2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Н. Т. Қошқарбаевқа жүктелсін.

 

 

Қала әкімі                                                                                       А. Глазинский

 

 

КЕЛІСІЛДІ:

Курчатов қаласының

полиция бөлімінің басшысы                                                                           Б. Исаков

«Әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссия туралы» Курчатов қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 719 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
04 июня 2020