«Абай облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекеме туралы ЕРЕЖЕ

Курчатов қаласы әкімдігінің

2022 жылғы «___» __________

№____ қаулысымен бекітілген

 

 

«Абай облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі»

мемлекеттік мекеме туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Абай облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлімі) Курчатов қаласының аумағында мемлекеттік саясат және мемлекеттік басқару функциялары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Бөлімі ведомствосы бар:

1) Абай облысы Курчатов қаласының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. Бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. Бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тілінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  3. Бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  4. Бөлімі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  5. Бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
  6. Бөлімі құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  7. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: индекс 071100, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4.
  8. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы:

«Абай облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел внутренней политики города Курчатов области Абай».

  1. Бөлімнің құрылтайшысы «Абай облысы Курчатов қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
  2. Осы, Ереже бөлімі құрылтай құжаты болып табылады.
  3. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
  4. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

  1. Миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

бөлімнің құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Абай облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Курчатов қаласының ішкі саяси тұрақтылығын, халық бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру.
  2. Міндеттері:

1) Қалада ішкі саяси тұрақтылықты, халық бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;;

2) әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру бойынша қаланың жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;

3) мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың мемлекеттің ішкі саясатын іске асыру барысын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің және қала әкімінің Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша актілері мен тапсырмаларын орындауын бақылау;

4) стратегиялардың негізгі басымдықтарын, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;

5) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

6) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, ішкі саяси тұрақтылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, қоғамдық кеңестер, волонтерлік қызмет, этносаралық және конфессияаралық қатынастар қызметі салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

7) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

8) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;

9) бөлімнің құзыретіне жататын қызмет салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру.

  1. Функциялар:

1) ішкі саясаттың түйінді бағыттары бойынша, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие және жастар саясаты, мемлекеттік рәміздерді насихаттау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша қаланың жергілікті атқарушы органдарының қызметін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу гендерлік және отбасылық-демографиялық салалардағы;

2) ішкі саяси тұрақтылықты, халық бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де шаралар кешенін іске асыру;

3) қаладағы ірі қоғамдық-маңызды іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу;

4) жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және басқа да салалардағы қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру;

5) қалада Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру мен насихаттау жөніндегі қалалық маңызы бар ақпараттық-түсіндіру топтарының қызметін ұйымдастыру, ақпараттық-түсіндіру топтарын ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;

6) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени және діни бірлестіктермен, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, ғылыми және шығармашылық қоғамдастықпен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

7) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімдігі жанында әрекет ететін консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз ету;

8) қаладағы қоғамдық-саяси жағдайды талдау және болжау;

9) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, Курчатов қаласының аумағында тіркелген діни бірлестіктердің қызметін талдау;

10) қалада мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру;

11) Жергілікті деңгейде мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар жастар бастамаларын іске асыру;

12) әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер өткізу және жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;

13) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, Парламентпен, мәслихаттармен, облыс әкімінің аппаратымен, қала әкімінің аппаратымен, Облыстың Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығымен өзара іс-қимыл жасау;

14) Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, кәсіптік одақтармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен волонтерлік қызмет саласында өзара іс-қимыл жасау. Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қоғамдық кеңестермен өзара әрекеттесу. Этносаралық және конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша этномәдени бірлестіктермен және өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

15) бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламаларды немесе келісім алу туралы өтініштерді қарау;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

17) Курчатов қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асыру;

18) өз құзыреті шегінде облыста әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру:

- Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу;

- Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасын бұзу;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы заңнамасын бұзу;

19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

  1. Құқықтары:

1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан және азаматтардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты сұратуға, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін бөлім құзыретіне жататын мәселелерді пысықтауға қатысуға тартуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;;

2) Бөлім қызметінің саласына қатысты тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ орталық, облыстық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысуға құқылы;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар (актілер) жасауға құқылы;

4) жастар саясатын іске асыру және қалалық деңгейде ақпараттық саясатты жүргізуге мемлекеттік тапсырысты және басқаларды қаржыландыруды жүзеге асыру;

5) ғылыми мекемелерді, жекелеген ғалымдар мен мамандарды жұмысқа тарту;

6) мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер банкін пайдалануға құқылы;

7) ішкі саясат саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде әкімге ұсыныстар енгізуге, бөлімнің жүргізуіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау және өзге де материалдарды дайындауды жүзеге асыруға;;

8) Бөлімнің құзыретіне кіретін өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

  1. Міндеттері:

1) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

2) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау, көрсетілген мәселелер бойынша түсініктемелер беру; ;

3) лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету;

4) басқа мекемелермен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен өз қатынастарын осы Ережемен, қолданыстағы заңнамамен, жасалатын шарттармен анықталатын құзырет шегінде құру.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
  4. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) бөлім қызметкерлерінің арасында функционалдық міндеттерді бөлуді жүзеге асырады;

2) заңнамаға сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) Өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;

4) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар қабылдайды және дербес жауапкершілікте болады;

5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлім атынан өкілдік етеді, өз құзыреті шегінде шарттар жасасады;

6) бөлім қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;;

7) Бөлімнің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

 

  1. Бөлімнің мүлкі

 

  1. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Бөлім қысқартылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік қалалық коммуналдық меншікте қалады.

 

 

«Абай облысы Курчатов қаласының

ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                                  Н. Г. Котова

«Абай облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекеме туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
07 декабря 2022