ЖОБА
Курчатов қаласы әкімдігінің «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 452 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедтіктері адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес»;
қаулының 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыскерлердің тізімдік саны көрсетілген Курчатов қаласы ұйымдарына:
елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бір адамнан екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік саны төрт пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
Қала әкімі О. Чугунков