2022 жылы Курчатов қаласы әкімінің халықпен кездесу барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін жүзеге асыру барысы туралы ақпарат
|
№ |
Айтылған ескертулер/ұсыныстар |
Орындау мерзімі |
Орындауға жауаптылар |
Орындалу барысы
|
|
1. |
Шөптерде негізінен масалар мен шіркейлердің дернәсілдері болатындықтан, қалада шөпті, атап айтқанда балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ғимаратының артындағы өсіп кеткен шөпті шабу мәселесін қарастыруды сұраймын. Масалар мен шіркейлерді ертерек жоюды қарастыру қажет, осыған қаражатты алдын ала қарастыруды ұсынамын. Осы мәселе шешіле ме? |
11.05.2022 ж. |
Курчатов қаласының ТҮКШ, ЖК, АЖ, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі |
Қазіргі уақытта Курчатов қаласында, атап айтқанда БЖСМ ғимаратының артындағы шөпті шабу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, БЖСМ аумағындағы саябақты және ойын снарядтарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы дезинфекциялау, масалар мен жәндіктерді жою бойынша жұмыстар жүргізілді, шарттық міндеттемелерге сәйкес өнім беруші осы жұмыстарды ағымдағы жылдың шілдесінде қайта жүргізетін болады. Орындалды |
|
2. |
Қаладағы қаңғыбас иттер мен мысықтардың мәселесі қашан шешілетін болады? |
27.05.2022 ж. |
Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі |
Қаңғыбас иттер бойынша азаматтар шағымдарының көбеюі негізінде ШҚО бойынша ветеринария басқармасына қаңғыбас иттерді аулауға өтінімдер берілді. Аулау қызметінің жұмыс қорытындылары бойынша 2022 жылдың үш айына 27 ит пен 4 мысықты аулау жүргізілді. Орындалды. |
|
3. |
Ауладағы балалар санының есебімен қаланың аула ішілік аумақтарында балалар алаңдарын орнату мәселесін қарастыруды сұраймын. |
30.06.2022 ж. 29.07.2022 ж. дейін ұзартылды |
Курчатов қаласының ТҮКШ, ЖК, АЖ, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі |
«Primis» ЖШС өнім берушімен жасалған шартқа сәйкес Абай көшесі 27, Тәуелсіздік көшесі 33 және қосымша Дегелен бекетінде ойын алаңдары орнатылды. Орындалды. |
|
4. |
Бассейн қашан жұмыс істейді және ол кімдерге салынды? |
16.05.2022 ж. |
Курчатов қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі |
Бассейн 25.04.2022 ж. электрондық үкімет арқылы қабылданды. Су сынамасы 12.05.2022 ж. жүргізілді. Бассейн штаты жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыздармен жасақталған. Нұсқаушы, жаттықтырушылар, медицина қызметкері анықталған. Бактериологиялық, паразитологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштерге суды зерттеу жүргізілді. Балалардың бассейнге келу кестесі құрылған. 26.04.2022 ж. бастап толтырылу нормативіне сәйкес күніне 84 баладан бассейнді ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО Курчатов қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ спортшылары келеді. Орындалды.
|
|
5. |
Сәлеметсіздер ме. Алаңдағы көгалдарды суару үшін құбырлар орнатылған, алайда бірнеше жыл болды құбырлар суару жүйесіне қосылмаған, тот басып жатыр. Мемлекеттің қаражаты зая кеткендігі өкінішті. |
27.05.2022 ж. 29.07.2022 ж. дейін ұзартылды, 30.09.2022 ж. дейін ұзартылды |
Курчатов қаласының ТҮКШ, ЖК, АЖ, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі |
Суару жүйесі жұмыс істейді және аталған учаскілерде көгалдар отырғызылғаннан кейін қолданылатын болады. Қызметтік жазба негізінде 30.09.2022 ж. бақылаудан шешілді. |
|
6. |
Шомылу үшін (жағажай) жабдықталған орынды қаматасыз етуді қарастыру. Балалар үшін жағажайды қалпына келтіру.
|
30.06.2022 ж. |
Курчатов қаласының ТҮКШ, ЖК, АЖ, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі |
№ 2 мектеп аймағындағы жағажайда санитарлық тазарту, киім ауыстыратын орынды, күннен қорғайтын қолшатырларды, орындықтар мен урналарды орнату жұмыстары жүргізілді. Курчатов қаласының ТЖБ бірлесіп жағажайдың түбіне қарап-тексеру жүргізілді. Сондай-ақ, жағажай аумағына құм себу және шомылу орынын тазарту жұмыстары жүргізілді. Орындалды.
|
|
7. |
Олимпийская көшесі 28 мекенжайындағы үйдің ауласындағы аула ішілік және жаяу жүргіншілер өткелдерін жарықтандыруды қарастыру. |
28.07.2022 ж. |
Курчатов қаласының ТҮКШ, ЖК, АЖ, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі |
Курчатов қаласында «Магнат» ЖК аулалық 15 жарық бағандары, оның ішінде Олимпийская көшесі 28 үйдің ауласына жарық бағаны орнатылды. Курчатов қаласында барлық жол көшелерінде (оның ішінде жаяу жүргіншілер жолдарында) жарықтандыру бар. Орындалды. |