Семей қаласының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру жөніндегі қайталама конкурсты өткізеді

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

         Семей қаласының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру жөніндегі қайталама конкурсты өткізеді.

         Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғаларды, сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартына бір жыл бойы қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпаздарын қоспағанда рұқсат етіледі. 

         Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер және конкурс ұсыныстары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1 бабының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының» талаптарына сәйкес болуы тиіс.          

         Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу 10 (он күн) жұмыс күн ішінде 2022 жылдың 24 қазанынан 2022 жылдың
8 қарашасына дейін, Семей қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 4 мекенжайы бойынша жүзеге асырылады. 

         2022 жылдың 9 қарашасында сағат 10.00-де, Семей қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 4, мекенжайында (қалалық әкімдіктің ғимаратында) конкурстық өтінімдермен қоса конверттер ашылады және қорытындысы шығаралатын болады.

         Конкурс:

         Конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз өтінім келіп түскен;

         Егер конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз қатысушы жіберілген жағдайларда, конкурс өткізілмеді деп танылады.

            Жер учаскесін пайдалану жөніндегі шарттар мен талаптар

1) жер учаскесі белгіленген мақсатқа сәйкес пайдаланылсын;

2) жерді қорғау, оларды орынды және тиімді пайдалану жөнінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасында қарастырылған іс–шаралар жүзеге асырылсын;

3) ауыспалы егіс жүйесін міндетті жүргізу және сақтау қамтамасыз етілсін;

4) жер учаскесін пайдалануға арналған төлем уақытында төленсін;

5) санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес, өндіріс технологиялары қолданылсын;

6) 20.06.2003 жылғы № 442-II Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 65-бабында қарастырылған жер пайдаланушының басқа міндеттері орындалсын.

 

«Абай облысы Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі қайталама конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі

 

№

п/п

Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдық округтен арақашықтығы км, жер учаскесінің лот №

Жер учаскесі қандай мақсатқа беріледі оның ішінде

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

Жалға беру мерзімі, жыл

Жалпы аудаңы, га

Алқаптардың құрамы,

оның ішінде

Егістік

Жайылымдық

Шабындық

Басқа алқаптар

1

Семей қаласы, Озерки ауылдық округінің әкімшілік шекарасында

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

Мал  шаруашылығы

10

5,6

-

5,6

-

-

2

Семей қаласы, Көкентау ауылдық округі, Қыземшек ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20,7 км

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

Мал шаруашылығы

10

372,4423

-

372,4423

-

-

3

Семей қаласы, Көкентау ауылдық округі, Қыземшек ауылынан солтүстік-батысқа қарай 16,6 км

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

Мал шаруашылығы

10

186,8628

-

186,6628

-

0,2

4

Семей қаласы, Көкентау ауылдық округі, Көкентау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 23,6 км

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

Мал шаруашылығы

10

241,4539

-

241,4539

-

-

5

Семей қаласы, Абыралы ауылдық округінің әкімшілік шекарасында

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

Мал шаруашылығы

10

786,6

-

785,92

-

0,68

6

Семей қаласы, Абыралы ауылдық округі, Абыралы ауылынан оңтүстікке қарай 27,0 км

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

Мал шаруашылығы

10

155,3586

-

154,2586

-

1,1

жиыны:

 

1748,3176

-

1746,3376

-

1,98

Семей қаласының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру жөніндегі қайталама конкурсты өткізеді
Дата публикации
22 ноября 2022