On approval of zoning coefficients taking into account the location of the tax object in the city of Kurchatov

ЖОБА

 

Салық салу объектісінің Курчатов қаласында орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Салық салу объектісінің Курчатов қаласында орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Курчатов қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 05 мамырдағы № 563 «Курчатов қаласында салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2021 жылғы 12 маусымда № 8786 тіркелген, 2021 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. «Курчатов қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г. Кожахметова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Д. Д. Улмесековқа жүктелсін.
  5. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қала әкімі                                                                                           О. Чугунков

 

КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы қаржы

министрлігі мемлекеттік кірістер

Комитетінің Абай облысы бойынша

мемлекеттік кірістер Департаментінің

Курчатов қаласы бойынша мемлекеттік

кірістер басқармасы» РММ басшысы                                                 Д. Сабыров
                                                                                        «___» __________2022 ж.

Курчатов қаласы әкімдігінің
2022 жылғы «­­___»__________

№ _____ қаулысына

қосымша

 

 

Салық салу объектісінің Курчатов қаласында орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

 

 

№

Салық салу объектісінің елді мекенде орналасуы

 

Аймаққа бөлу

 коэффициенттері

 

1

 

 

Курчатов қаласы

 

1,8

 

 





 

Дата публикации
07 ноября 2022