«Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы І тоқсандағы жұмыс жоспарын орындау бойынша ақпарат

  Қалада 4 жалпы білім беретін мектеп (1646 оқушы), балалар музыкалық мектебі (144 бала), спорт клубы (68 бала) және балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (397 бала), балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі (266 бала) жұмыс істейді.

Курчатов қаласында 2 жастан 6 жасқа дейінгі 620 бала бар 2 мемлекеттік балабақша жұмыс істейді: («Журавушка» - 290 бала, «Күншуақ» - 145 бала) және 1 жастан 7 жасқа дейінгі 60 бала баратын «Ақ – бөбек» жеке меншік балабақшасы. «Журавушка» және «Ақ – бөбек» балабақшаларында топтар мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізеді («Журавушкада» – 11 топ: 4 мемлекеттік тілде, 7 орыс тілінде, «Ақ – бөбекте» - 3 топ: 1 мемлекеттік тілде, 2 орыс тілінде), «Күншуақ» балабақшасында барлық 6 топ тәрбие – білім беру жұмыстарын мемлекеттік тілде жүргізеді.

«ҚР ШҚО Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы І тоқсандағы жұмыс жоспарын орындау бойынша ақпарат
Дата публикации
21 мая 2020