«ШҚО Курчатов қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі бойынша 2020 жылғы I тоқсандағы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Тұрғын жай алуға кезекте 434 отбасы тұр. Тұрғын жай алуға кезекте тұрғандардың кезегін жою мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған жоспар әзірленді:

2020 жыл – 110 отбасына (пәтерлер сатып алу);

2021 жыл – 0;

2022 жыл – 122 отбасына (Школьная көшесі, 2, 48 пәтерлі тұрғын үйді қайта жаңарту; Тәуелсіздік көшесі, 27, 64 пәтерлі үй; ЖТҚ құрылысы - 10);

2023 жыл – 101 отбасы (64 пәтерлітұрғын үйді қайта жаңарту; ЖТҚ құрылысы - 10);

2024 жыл – 101 отбасы (64 пәтерлі тұррғын үйді қайта жаңарту; ЖТҚ құрылысы - 10);

Ағымдағы жылы «Уркер-Восток» ЖШС-нен 110 пәтер  сатып алу жоспарланды.

         2017 жылы «Уркер-Восток» ЖШС-мен 416,772 млн. теңге сомасында пәтерлер сатып алуға келісім шарт жасалды, 2018 жылы қалалық бюджеттен 10,872 теңге сомасында төлем жүргізілді. Облыстық бюджеттен 405,899 млн. теңге сомасында қаражат бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылды.

Тәуелсіздік  көшесі, 27, 64 пәтерлі үй; Школьная көшесі, 2, 48 пәтерлі тұрғын үйді қайта жаңартуға арналған жобалау сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланды.

«ШҚО Курчатов қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі бойынша 2020 жылғы I тоқсандағы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Дата публикации
21 мая 2020