2022 жылдың басынан бастап халықты жұмыспен қамту орталығына «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасының шеңберінде қатысу үшін 449 адам жүгінді.
Ұлттық жоба шараларына қатысуға үміткер қатысушылар саны – 378 адам: 217 жұмыссыз, жұмыс іздеп жүрген адамдар 32 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 28 адам, студенттер 40 адам, оқушылар 61 адам, оның ішінде: 6 мүгедек, 5 аз қамтылған адам, 29 жасқа дейінгі 229 жастар, 260 әйел.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 401 адам қамтылды:
- жұмыс берушілердің сұрауы бойынша оқуға жіберілгендер – 20 адам;
- әлеуметтік жұмыс орындарына – 11 адам жіберілді;
- жастар практикасына жіберілгендер – 4 адам;
- қоғамдық жұмыстарға жіберілгендер – 108 адам;
- Бастау Бизнес оқуына – 48 адам жіберілді;
- бос жұмыс орындарына – 210 адам орналастырылды.
Жұмыс берушілердің сұрауы бойынша оқу ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуға арналған жоспар 30 адам. 20 адам жіберілді. Мамандығы: «Электр және газ дәнекерлендіруші», «Аспаз», «Тәрбиешінің көмекшісі», «Сылақшы», «Бухгалтер», «Электрдәнекерлендіруші». Оқуды 16 адам аяқтады, оның ішінде 9 адам жұмысқа орналастырылды. 4 адам оқудан шығарылды себебі: сабаққа қатыспау.
Әлеуметтік жұмыс орындарын құру жоспары 13 адам, 11 адам жолданды. ӘЖО-ын ұйымдастыруға шарт жасалған ұйымдар саны 7. 5 адам аяқтады, оның ішінде 1 адам жұмысқа орналастырылды.
Түлектер үшін жастар практикасының жоспары 23 адам, 4 адам жолданды. Жастар практикасын ұйымдастыруға шарт жасалған ұйымдардың саны 3.
Қоғамдық жұмыстарға жоспар 153 адам, 108 адам жолданды. ОР ұйымына шарт жасалған ұйымдар саны 42. 95 адам аяқтады, оның ішінде 30 адам жұмысқа орналастырылды.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жоспар 5 адам.
«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша жоспар 2 адам.
«Күміс жас» жобасы бойынша жоспар 5 адам.
Жастарға мен халықтың әлеуметтік осал топтарына 36 адамға 400 АЕК (1 225 200тг) дейінгі мөлшерде гранттар беру жоспарлануда. Оның ішінде 18-і жастар және 18-і халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ).
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 2022 жылғы 25 шілдеде басталды. Бірінші ағымда оқуға 22 адам кірісті, оның ішінде: 11 адам жастар, 11 адам халықтың әлеуметтік осал топтары. Екінші ағымда 26 адам. оқу мерзімі – 14 күнтізбелік күн. Оқуға жіберілгендердің ішінен 45 адам оқуды аяқтады.
business.enbek.kz порталында 3 ағымға грантқа қатысуға өтініштерді қабылдау 2022 жылдың қыркүйек айында басталады, 4 ағым қазан айында басталады.
Маман: Б.Н. Баймухаметова