Курчатов қаласының 2020 жылғы қаңтар – наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалалары және аудандарының әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы бойынша өңірішілік талдау көрсеткіштері бойынша 2020 жылдың қаңтар – наурыз айларында  Курчатов қаласы 18 орында тұр.

Өнеркәсіптік өнімдерді өндіру көлемі 2020 жылдың қаңтар – наурыз айларында   779,5   млн. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 5,9 млн. теңгеге кем (99,2 %). Нақты индекс көлемі 97,4 % құрады.

Тау-кен қазу өнеркәсібінің көрсеткіштері бойынша статистикалық мәліметтер жоқ.

Өңдеу өнеркәсібінде 130,0 млн. теңгенің өнімі өндірілді немесе өткен жылдың (2019 жыл қаңтар-наурыз – 85,5 млн. теңге) тиісті кезеңімен салыстырғанда 76,4 % артық. 

2020 жылдың 1 сәуіріне тіркелген шағын бизнес  субъектілерінің саны - 80  бірлік (2019 жылдың 3 айында -84) немесе өткен  жылдың сәйкес кезеңіне 95,2 пайыз. Шағын бизнесте жұмыс істейтін кәсіпорындардың саны - 58 бірлік (2019 жылдың 3 айында -63) немесе 92,1 %. 

Курчатов қаласының 2020 жылғы қаңтар – наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат
Дата публикации
21 мая 2020