|
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы |
|
||
|
|
www.stat.gov.kz |
||
|
Баспасөз хабарламасы |
№ 9 2022 жылғы 16 қыркүйек |
||
2022 жылғы қаңтар-тамыз айына Курчатов қаласының
әлеуметтік-экономикалық дамуы
Өнеркәсіп өндірісі. Өнеркәсіп кәсіпорындарымен өндірілген нақты бағадағы өнеркәсіп өнімінің (жұмыстар, қызметтер) көлемі 2022 жылғы қаңтар-шілде айында 2 069,3 млн. теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімі көлемінің нақты индексі өткен жылға 69,9 %-ды құрады. Кен өндіру өнеркәсібі 855,4 млн. теңгеңі, көлемінің нақты индексі өткен жылға 47,0 %-ды құрады, өндіру өнеркәсібі 503,6 млн. теңге. Өндіру өнеркәсібі көлемінің нақты индексі өткен жылға 90,3 %-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2022 жылғы қаңтар-шілде айында 1 390,4 млн. теңгені құрады. Көлемінің нақты индексі өткен жылға 76,8 %-ды құрады. 2022 жылғы 1 қыркүйек шағын бизнес бойынша тіркелген кәсіпорындар саны 77 бірлікті құрады, соның ішінде жұмыс істеп тұрғандар 51 бірлік.