"ШҚО Курчатов қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" ММ-нің 2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында атқарылған жұмысы туралы ақпарат

Қала экономикасын дамытуға шағын және орта бизнесті қолдау басым бағыт болып табылады. Жыл сайын мемлекетпен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалып, қаржыландыру көздері мен несие беру көлемдері кеңейтіліп жатыр.

Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде консультациялық көмек көрсетеді, бұқаралық ақпарат құралдарында және қаланың баспа басылымдарында, әлеуметтік желілер мен интернет - ресурстарда мемлекеттік қолдау құралдарын кеңінен жариялау бойынша жұмыстар үнемі жүргізіледі.

"ШҚО Курчатов қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" ММ-нің 2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында атқарылған жұмысы туралы ақпарат
Дата публикации
20 мая 2020