2020 жылдың І тоқсаны бойынша Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімінің атқарылған жұмысы туралы ақпараты

Президент Жолдауын түсіндіру шеңберінде

 ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің ең маңызды саяси оқиғаларының бірі. Жаһандық экономикалық дағдарыстың қалыптасқан жағдайында бұл Жолдау әсіресе уақтылы және өзекті.

Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы  мемлекетіміздің қарқынды  даму бағытын анықтайтын еліміздегі ең маңызды саяси оқиғалардың бірі болып табылады. Биылғы Жолдау «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдау. Онда Мемлекет басшысы «Әлемнің дамыған отыз елінің қатарына сенімді кіруді қамтамасыз ететін» 5 негізгі бағытты анықтады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру мақсатында ақпараттық – түсіндірмелік жұмысының жоспары әзірленіп, бекітілді, бұқаралық ақпарат құралдарында іс – шараларды жариялау бойынша медиа – жоспар бекітілді, сонымен қатар ағымдағы  жылдың соңына дейін Жолдаудың негізгі міндеттерін түсіндіру бойынша ұйымдастырылған  іс – шаралардың желілік кестесі құрылды.

2020 жылдың І тоқсаны бойынша Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімінің атқарылған жұмысы туралы ақпараты
Дата публикации
19 мая 2020