«ШҚО Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бағынысты мекемелердің І тоқсанда атқарған жұмысы туралы ақпарат

2020 жылдың І тоқсанында мәдениет мекемелері 71 іс-шараны өткізді, оған 6983 адам қатысты.

Бірінші тоқсанда Қалалық кітапханада 19 көпшілік іс-шара, оның ішінде 8 кітап көрмесі, 11 іс-шара өткізілді.

Қалалық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша  «Жастар оқитын 100 кітап» библиографиялық шолу, «Балаларды қорғайтың заң» маманмен кездесу, «Мәдени мұра-халық мұрасы» тақырыптық кітап көрмесі, «Өлкеміздің киелі жерлері» бейнебаян көрсетілімі ұйымдастырылды.

Жыл сайын ұйымдастырылып отыратын «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша осы жылы М.Әуезовтың «Абай жолы» романы таңдалып алынды. Жыл басы «Дала данышпандары» тақырыптық кітап көрмесімен ашылды.

«Абай жолы – асыл мұра» бір кітаптің көрмесі оқырмандарға М.Әуезовтың «Абай жолы» романының жазылу тарихы,   кітап болып  басылып шығуы, роман бойынша түсірілген көркем фильм туралы ақпараттармен танысты.

«ШҚО Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бағынысты мекемелердің І тоқсанда атқарған жұмысы туралы ақпарат
Дата публикации
19 мая 2020