Біздің қалада Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдік бойынша теңестірілген 300 адам.
2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Курчатов қаласында барлық санаттағы 213 мүгедек тұрады ( халықтың жалпы санынан 1,5 пайыз), соның ішінде 39 адам мүгедек балалар: сондай-ақ 1 топтағы мүгедектер – 18 адам ( 7 арбада отырған мүгедек ), 2 топтағы мүгедектер – 78 адам (2 арбада отырған мүгедек ), 3 топтағы – 78 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балалар – 39 адам (3 бала арбада отырған мүгедек).
Тыл еңбеккерлері – 41 адам (соның ішінде 3 адам – тыл еңбеккері мәртебесіне ие болған, ҰОС қайтыс болған мүгедектердің әйелдері).
Әлеуметтік төлемдер
2020 жылдың 1 сәуіріне «Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ тұрғын-үй көмегін тағайындау туралы өтініштерімен 27 адам тұратын 17 отбасы жүгінді. 17 отбасына 139,1 мың теңге сомаға көмек тағайындалды.
Қалада мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және қарттар мен мүгедектерге үйден жеке әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жоқ. Жыл басынан үйде көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер 30 жалғыз тұрып жатқан қарт адамдар мен 7 мүгедек-балаларға, барлығы 37 адамға төрт әлеуметтік қызметкерлермен көрсетіледі. Курчатов қаласында арнаулы әлеуметтік көмекті алуға кезек жоқ.
Мүгедек балаларды үйде оқытуға арналған шығындарды өтеу 2020 жылға 470,0 мың теңгені құрайды, бірінші тоқсанға 3 балаға 95,4 мың теңге төленді.
2020 жылы 17 міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін 12 өтініш қабылданды және 12 адам оның ішінде 7 бала 100 пайыз қамтылды. Қозғалыс құралымен 3 өтініш қамтамасыз етілді (серуендеуге және үй ішіне арналған кресло арба).
Міндетті гигиеналық құралдармен және қозғалыс құралдары мұқтаж мүгедектердің есіктеріне дейін жеткізіледі.
Жеке көмекші қызметіне 1 топтағы 3 мүгедек өтініш берді және 3 мүгедек жеке көмекшінің қызметін алуда.
Облыс аумағында орналасқан «Уба» шипажайы» КММ 2020 жылдың 6 зейнеткер демалып, денсаулықтарын түзеді. ШҚО төтенше жағдайға байланысты шипажай – курорттық емделуді наурыз айынан бастап тоқтатылды.
2020 жылға атаулы мемлекеттік көмекке 21 971,0 мың теңге бөлінді, осы жәрдемақы жыл басынан 106 адам, соның ішінде 82-і 18 жасқа дейінгі бала тұратын 106 отбасыға тағайындалды. 23 отбасына 1 590,0 мың теңге төленді.
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген азаматтардың санаттарына әлеуметтік төлемдер» бағдарламасы бойынша 2020 жылға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 7 401,0 мың теңге бөлінді, жыл басынан бастап 851,110 мың теңге 13 адамға төленді.
Жыл басынан бастап он әлеуметтік маңызды аурумен ауратындарға 278,349 мың теңге, 5 адамға 2019 жылдан бастап және 2020 жылы 2 адамға төленді.
2020 жылдың 1 сәуіріне жұмысқа орналастыру
бойынша ақпарат
2020 жылғы 1 сәуіріне «Курчатов қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына 179 жұмыссыз азамат жүгінді, соның ішінде 123 адама жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналастыру деңгейі жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінген азаматтардың санынан 68,7 % құрады. Экономикалық белсенді тұрғындар санынан тіркелген жұмыссыздардың саны 1,5 пайыз немесе 114 адамды құрайды.
Жұмыссыз адамдардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында, қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылды, 29,450 мың теңге бөлінді. 2020 жылы нысаналы топ ішінен 90 жұмыссыз азаматты жіберу жоспарланған, жыл басынан 47 адам жіберілді, қоғамдық жұмыс аяқталғаннан кейін 5 адам жұмысқа орналастырылды.
Жұмысқа орналастыру деңгейін арттыру мақсатында, жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындары ұсынылады, республикалық бюджеттен 2927,0 мың теңге сомада қаражат бөлінді. Жыл басынан бастап 10 жұмыссыз азамат жолданды.
Қала кәсіпорындарында жастарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру мақсатында жастар тәжірибесі ұйымдастырылған. 2020 жылы жастар тәжірибесіне республикалдық бюджеттен 10 адамға 5,224,0 мың теңге бөлінді.
Төтенше жағдай кезеңінде 114 тіркелген жұмыссыз азаматқа азық- түліктік – тұрмыстық жиынтық 5 567 тенге мөлшерінде төленді, жалпы сома 634,638 тенге.