Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы

 

ЖОБА

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері  мен тәртібін айқындау

Қағидасын бекіту туралы

         Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 4, 5 - тармақтарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1- тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасы бекітілсін.

2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

 

 

 

 

Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы

 

Б. Тажиев

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы
Дата публикации
21 июля 2022