ЖОБА
Курчатов қаласында мүгедектігі бар тұлғалардың қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
- Курчатов қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
- Курчатов қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 12/87-VII «Курчатов қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26182 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қалалық
мәслихатының хатшысы Б. Тажиев