Жетінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының
кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының
2022 жылғы 18 тамыздағы № 19/129-VIІ шешімі
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10, 19 - баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 7-1) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
«АМАNAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен Самат Абайкенұлы Смағұлов мiндеттерiн атқарудан босату туралы өз еркiмен өтiнiш беруіне байланысты аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі міндетінен босатылсын;
көрсетілген шешімнің 1, 2, 3, 4, 5 қосымшалары осы шешімнің қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Курчатов қалалық мәслихатының
хатшысы Б. Тажиев