Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бұл жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға шартсыз және шартты ақшалай көмек түрінде мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем.
Қызметті қалай алуға болады
Онлайн Қызмет ұсынушы
Жеке тұлғалар
Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
- Порталда авторлану немесе тіркелу
- «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту
- Электрондық сұрау жолдарын толтыру. Өтінімде «Қазпочта» АҚ-да, «Халық банкі»АҚ-да ашылған жеке шоттың (IBAN) нөмірін көрсету қажет.
- Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен танысу қажет.
Бір реттік пароль арқылы:
- Порталда авторлану немесе тіркелу
- «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту
- Электрондық сұрау жолдарын толтыру. Өтінімде «Қазпочта» АҚ-да, «Халық банкі» АҚ-да ашылған жеке шоттың (IBAN) нөмірін көрсету қажет.
- Оған бір реттік СМС-парольдің көмегімен қол қою керек (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберілетін болады, мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу керек);
5. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен танысу қажет.