2022 жылғы қаңтар-мамыр айына Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Өнеркәсіп өндірісі. Өнеркәсіп кәсіпорындарымен өндірілген нақты бағадағы өнеркәсіп өнімінің (жұмыстар, қызметтер) көлемі 2022 жылғы қаңтар-мамыр айында 1 466,7 млн. теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімі көлемінің нақты индексі өткен жылға 75,9 %-ды құрады. Кен өндіру өнеркәсібі 608,4 млн. теңгеңі, көлемінің нақты индексі өткен жылға 53,2 %-ды құрады, өндіру өнеркәсібі 339,5 млн. теңге. Өндіру өнеркәсібі көлемінің нақты индексі өткен жылға 103,1 %-ды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2022 жылғы қаңтар-сәуір айында 881,6 млн. теңгені құрады. Көлемінің нақты индексі өткен жылға 97,2 %-ды құрады. 2022 жылғы 1 маусым шағын бизнес бойынша тіркелген кәсіпорындар саны 75 бірлікті құрады, соның ішінде жұмыс істеп тұрғандар 48 бірлік.

 

 

Курчатов қаласының Статистика басқармасы

2022 жылғы қаңтар-мамыр айына Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Дата публикации
05 июля 2022