Өнеркәсіп өндірісі. Өнеркәсіп кәсіпорындарымен өндірілген нақты бағадағы өнеркәсіп өнімінің (жұмыстар, қызметтер) көлемі 2022 жылғы қаңтар-сәуір айында 1 111,0 млн. теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімі көлемінің нақты индексі өткен жылға 90,0 %-ды құрады. Кен өндіру өнеркәсібі 539,4 млн. теңгеңі, көлемінің нақты индексі өткен жылға 83,3 %-ды құрады, өндіру өнеркәсібі 207,2 млн. теңге. Өндіру өнеркәсібі көлемінің нақты индексі өткен жылға 110,7 %-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2022 жылғы қаңтар-сәуір айында 705,0 млн. теңгені құрады. Көлемінің нақты индексі өткен жылға 4,8 есе құрады. 2022 жылғы 1 сәуір шағын бизнес бойынша тіркелген кәсіпорындар саны 72 бірлікті құрады, соның ішінде жұмыс істеп тұрғандар 46 бірлік.
Курчатов қаласының Статистика басқармасы