2022 жылғы қаңтар айына Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Өнеркәсіп өндірісі. Өнеркәсіп кәсіпорындарымен өндірілген нақты бағадағы өнеркәсіп өнімінің (жұмыстар, қызметтер) көлемі 2022 жылғы қаңтар айында 402,7 млн. теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімі көлемінің нақты индексі өткен жылға 102,7 %-ды құрады. Кен өндіру өнеркәсібі 232,1 млн. теңгеңі, көлемінің нақты индексі өткен жылға 118,2 %-ды құрады, өндіру өнеркәсібі 50,9 млн. теңге. Өндіру өнеркәсібі көлемінің нақты индексі өткен жылға 100 %-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2022 жылғы қаңтар айында 28,9млн. теңгені құрады. Көлемінің нақты индексі өткен жылға 85,3 %-ды құрады. 2022 жылғы 1 қаңтар шағын бизнес бойынша тіркелген кәсіпорындар саны 75 бірлікті құрады, соның ішінде жұмыс істеп тұрғандар 53 бірлік.


Курчатов қаласының Статистика басқармасы

2022 жылғы қаңтар айына Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Дата публикации
14 февраля 2022