Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 21/169-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

ЖОБА

 

Курчатов  қалалық мәслихатының 2018  жылғы  20  маусымдағы

№ 21/169-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін

белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген

санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын

бекіту  туралы» шешіміне  өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқаружәне өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңының 6 - бабының 1- тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»қаулысына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 21/169-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердімемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-3-126 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған)шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

осы шешімнің қосымшасына сәйкес Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары жаңа редакцияда жазылсын.

1) 2 - бөлімнің  7- тармағы келесі  мазмұндағы толықтырылсын:                14) тармақшасымен «14) АИТВ ауыратын  балалар».

2) 2 - бөлімнің  10- тармағы 2 азат  жолы жаңа  редакцияда  жазылсын:   

«10. Әлеуметтік  көмектің  шекті  мөлшері 226,330 айлық есептік  көрсеткіш»;

     3)  11- тармақтың 4)  тармақшасында:

      1  азат  жол келесі  редакцияда  мазмұндалсын: «Ұлы  Отан  соғысына  қатысушылар мен  мүгедектер» - 226,330 айлық  есептік  көрсеткіш  сондай –ақ қосымша  жергілікті  бюджет   қаражаты  есебінен  37,722  айлық есептік  көрсеткіш»;

5 азат  жолдағы  «35» саны  «37,722» санына  ауыстырылсын;

6 азат  жолдағы  «35» саны  «37,722» санына  ауыстырылсын;

7 азат  жолдағы  «25» саны  «28,292» санына  ауыстырылсын;

8 азат  жолдағы  «4,5» саны  «16,032» санына  ауыстырылсын.

          4) 2- бөлімнің  11-тармағының  4) тармақшасы  келесі  мазмұндағы 10,11 азат  жолдармен  толықтырылсын:

«Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдарына, немесе сол кездерде қорғанысқа қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы төлеу үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек еткен жылдарына есептелген қалаларда болған адамдарға – 37,722 айлық есептік көрсеткіш»;

Қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне); қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, «Ленинградты қорғағау үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақымалуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 37,722 айлық есептік көрсеткіш».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия  төрағасы                                                                  Э. Батырбеков        

 

 

Курчатов қалалық мәслихатының

хатшысы                                                                                Г. Қарымбаева

 

 

Дата публикации
01 апреля 2020