«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары туралы» Курчатов қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 12 маусымдағы № 724 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы    23 қаңтардағы Заңының 31- бабының 1- тармағы  24) тармақшасына сәйкес,  Курчатов   қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. «Әлеуметтік көмек  көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және  мұқтаж азаматтардың жекелеген  санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары туралы» Курчатов  қаласы  әкімдігінің 2018 жылғы  12  маусымдағы № 724 қаулысына  келесі өзгерістер  мен  толықтырулар енгізілсін:

         Осы  қаулының  қосымшасында:

         Әлеуметтік  көмек  көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және  мұқтаж азаматтардың жекелеген  санаттарының тізбесін  айқындаудың қағидаларында:

         1) 2 - бөлімнің  7- тармағы келесі  мазмұндағы толықтырылсын:                14) тармақшасымен «14) АИТВ ауыратын  балалар».

2) 2 - бөлімнің  10- тармағы 2 азат  жолы жаңа  редакцияда  жазылсын:    

«10. Әлеуметтік  көмектің  шекті  мөлшері 226,330 айлық есептік  көрсеткіш»;

     3)  11- тармақтың 4)  тармақшасында:

      1  азат  жол келесі  редакцияда  мазмұндалсын: «Ұлы  Отан  соғысына  қатысушылар мен  мүгедектер» - 226,330 айлық  есептік  көрсеткіш  сондай –ақ қосымша  жергілікті  бюджет   қаражаты  есебінен  37,722  айлық есептік  көрсеткіш»;

5 азат  жолдағы  «35» саны  «37,722» санына  ауыстырылсын;

6 азат  жолдағы  «35» саны  «37,722» санына  ауыстырылсын;

7 азат  жолдағы  «25» саны  «28,292» санына  ауыстырылсын;

8 азат  жолдағы  «4,5» саны  «16,032» санына  ауыстырылсын.

          4) 2- бөлімнің  11-тармағының  4) тармақшасы  келесі  мазмұндағы 10,11 азат  жолдармен  толықтырылсын:

«Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдарына, немесе сол кездерде қорғанысқа қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы төлеу үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек еткен жылдарына есептелген қалаларда болған адамдарға – 37,722 айлық есептік көрсеткіш»;

Қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне); қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, «Ленинградты қорғағау үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақымалуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 37,722 айлық есептік көрсеткіш».

  1. «Курчатов қаласының  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімі» ММ басшысы  (М. А. Әбдікәрімов) өзгертілген  Қағиданы  Курчатов  қалалық мәслихат  сессиясына  бекітуге осы  қаулының  қосымшасына  сәйкес   енгізсін.
  2. Осы қаулының  орындалуына   бақылау   жасау  Курчатов   қаласы

әкімінің орынбасары Н. Т. Қошқарбаевқа жүктелсін.

 

 

Қала әкімі                                                                                      А.  Глазинский

Дата публикации
31 марта 2020