2021 жылғы қаңтар-қыркүйек айына Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Өнеркәсіп өндірісі. Өнеркәсіп кәсіпорындарымен өндірілген нақты бағадағы өнеркәсіп  өнімінің (жұмыстар, қызметтер) көлемі 2021 жылғы қаңтар-қыркүйек айында 3 283,2 млн. теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімі көлемінің нақты индексі өткен жылға 135,9 %-ды құрады. Кен өндіру өнеркәсібі 2 010,3 млн. теңгеңі, көлемінің нақты индексі өткен жылға 119,1 %-ды құрады, өндіру өнеркәсібі 496,8 млн. теңге. Өндіру өнеркәсібі көлемінің нақты индексі өткен жылға 167,9 %-ды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2021 жылғы қаңтар-тамыз айында 2 069,6 млн. теңгені құрады. Көлемінің нақты индексі өткен жылға 136,7 %-ды құрады. 2021 жылғы 1 қазан шағын бизнес бойынша тіркелген кәсіпорындар саны 76 бірлікті құрады,  соның ішінде жұмыс істеп тұрғандар 52 бірлік.

Курчатов қаласының Статистика басқармасы

Дата публикации
20 октября 2021