Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртiбі мен мөлшері туралы

ЖОБА

 

 

Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртiбі мен мөлшері туралы

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан  Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002  жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы                    4)-тармағына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»  2005  жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына, «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы   қаулының  қосымшасына  сәйкес  «Курчатов  қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртiбі мен мөлшері туралы»  Қағида  қабылдансын.
  2. «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал  актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы ( М.А. Абдикаримов)  Қағиданы Курчатов қалалық мәслихаты сессиясының қарауына енгізсін.
  3. Курчатов қаласы  әкімдігінің  2016 жылғы  14  қазандағы  № 633 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртiбі мен мөлшері туралы» қаулысының  күші  жойылсын.
  4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Н.Т. Кошкарбаевқа жүктелсін.

 

 

Қала әкімі                                                                                   А.  Глазинский

Дата публикации
13 декабря 2021