Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 3 283,2 млн.теңгені құрады немесе өткен жылдың ұқсас кезеңінен 845,9 млн. теңгеге артық (134,7%). Нақты көлем индексі 135,9% - ды құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде 496,8 млн.теңге сомасына немесе өткен жылдың ұқсас кезеңінен 124,7 млн. теңгеге артық өнім өндірілді (2020 жылғы қаңтар-қыркүйек – 372,1 млн. теңге), өсу қарқыны 133,5% құрады.
2021 жылғы қаңтар – қыркүйекте бөлшек тауар айналымының көлемі 2020 жылға қарай 374,5 млн.теңгеге ұлғаюмен 5 123,7 млн. теңгені құрады, өсу қарқыны – 107,9%, нақты көлем индексі – 100,1%.