Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұсынысы бойынша «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының экономика бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері негізінде 2019 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді .
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының экономика бөлімі» ММ (бұдан әрі -Бөлім) Бөлімнің 10.04.2015 жылғы №145-1917-25 – ММ Ережесімен белгіленген өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсетпейді.
2019 жылы Бқөлімге жеке және заңды тұлғалардан 4 өтініш түсті.
Бөлімде рұқсат беру және бақылау функциялары қарастырылмаған.
2019 жылдың 1 қаңтарына штат бойынша бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің саны – 5 бірлік, факт бойынша – 5 бірлік.
Талданып отырған кезеңде өз еркімен 0 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды, 0 қабылданды. 2019 жылғы заңнама талаптарын бұзғаны үшін лауазымын төмендету - жоқ, сөгіс – 2, қатаң сөгіс - 1, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, қызметінен босату қолданылған жоқ. Қызметтік тексеру кезінде бұзушылықтар болмауына байланысты Бөлімде жүргізілген жоқ.
Аудан әкімі аппаратында орталықтандырылған «Персоналды басқару қызметі» болуына байланысты Конкурстық комиссия Бөлімде қарастырылмаған.
Мемлекеттік қызметке кірген адамдар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік және еңбек тәртібін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексінің (мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы қағидаларының) талаптарын сақтайды.
Қызметкерлердің біліктілігін арттыру Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау, біліктілігін арттыру жоспар-кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
2019 жылы бөлімде еңбек тәртібін бұзу фактілері болған жоқ. Мемлекеттік қызметтегі шектеулерді сақтауға байланысты бұзушылықтар, қызметкерлердің қызметін бағалау рәсімдеріне шағымдану, жаза қолдану, бұрын қолданылған жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау және басқа да фактілер бөлімде 2019 жылы тіркелмеген.
2019 жылғы мүдделер қақтығысы Бөлімде жоқ. Бөлімде талданып отырған кезеңде анонимді сауалнама жүргізу қажеттілігі болған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың, қызмет этикасы мен мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзуға, сондай-ақ мемлекеттік органға, мемлекеттік қызметшілерге және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті өзге де адамдарға қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда теріс жарияланымдарға шағымдар жоқ.
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде меритократия, тиімділік, нәтижелілік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызмет жүйесін кәсібилендірудің нашарлау ықтималдығы, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік қызметшілердің заңды мүдделеріне зиян келтіру және құқықтарының бұзылуы жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету, Бақылау және рұқсат беру функцияларын іске асыру, сондай-ақ персоналды басқару және бөлімде мүдделер қақтығысын реттеу, бөлім қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша деректерге талдау жүргізу нәтижесінде анықталған жоқ.
Жұмыс тобының жетекшісі: Г. Кожахметова
Жұмыс тобының хатшысы: Д. Махатова
Жұмыс тобының мүшелері: А. Қуандықов
Л. Нұрланова
А. Қабзулдина