Курчатов қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ведомствоға бағынысты мекемелерімен 2021 жылдың ІІ тоқсанында 12500 адамды қамтумен 118 іс-шара өткізілді.
Оның ішінде, қалалық кітапханаға – 24 іс-шара өткізді, оның ішінде кітап көрмелері-6, іс-шаралар-18. 2488 оқырмандар қамтылды.
2 сәуір күні қалалық кітапхананың «Парасат жолы» орталығында Халықаралық Балалар кітабы күніне арналған «Кітап еліндегі ғажайыптар» атты әдеби саяхат өтті. Мақсаты: кітап оқу арқылы балаларда адалдық, парасаттылық, әділдік принциптерін қалыптастыру.