«Курчатов Водоканал» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директорының бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ 071100, ШҚО, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4, телефондары: 8 (72251) 3-33-94, факс 3-33-97, электрондық пошта мекенжайы: gko_kurchatov@mail.ru бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

- «Курчатов Водоканал» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры /"Курчатов-Водоканал" ШЖҚ КМК"/

Лауазымдық жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 150 000 теңгеден 365 000 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және кәсіпорынның жарғысында айқындалатын өз құзыретіне сәйкес кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін дербес шешеді; мемлекеттік кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады; мемлекеттік кәсіпорынның атынан әрекет етеді, барлық органдарда оның мүдделерін білдіреді, шарттар жасасады, сенімхаттар береді, банктік шоттар ашады және өзге де мәмілелер жасайды, барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді; өз құзыреті шегінде және еңбек заңнамасына сәйкес кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, көтермелеу шараларын қолданады және жаза қолданады.

 

Дата публикации
18 июня 2021