Курчатов қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты мәдениет мекемелерімен 2021 жылдың І тоқсанында 99 іс-шара өткізілді, 11300 адам қамтылды.
Оның ішінде: дөңгелек үстел – 4, кездесу – 4, семинар – 3, челендж – 2, көрме – 9, қайырымдылық марафоны – 10, акция – 2, конкурс – 3, театрландырылған көрініс – 1, көшпелі іс-шара – 2, мәдени-көпшілік шаралар – 59.
Қалада шектеу шараларын енгізуіне қарамастан, жұмыс бекітілген жоспарға сәйкес жүруде, барлық іс-шаралар Шығыс Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, белгіленген нормаларды сақтай отырып, онлайн режимінде өткізіледі.
Тілдерді оқыту орталығында 2021 жылдың 1 ақпанында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресурстық тіл орталығы және Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен «Тиімді тәжірибе көпке ортақ» атты онлайн семинар өтті. Онлайн шараға Курчатов қаласының тілдерді оқыту орталығының ұжымы қатысты.
2021 жылдың 10 ақпанында «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» атты виртуалдық саяхат сабағы өтті.