2021 жылдың І тоқсан бойынша Курчатов қаласы ішкі саясат бөлімінің атқарған жұмыстары туралы ақпарат

ҚР Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы - еліміздің ең маңызды саяси оқиғаларының бірі. Қазіргі жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында бұл Жолдау әсіресе уақтылы және өзекті болып табылады.

Президентіміздің өз халқына әрбір жаңа үндеуі мемлекетіміздің дамуының кезеңді межесіне және стратегиялық маңызды құжатына айналды. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты 2020 жылғы 01 қыркүйектегі Жолдауы. Онда Мемлекет басшысы елдің дамуына, экономикалық және әлеуметтік мәселелерге бағытталған 11 бағытты анықтады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында іс-шараларды жариялау жөніндегі медиа-жоспар бекітілді, сондай-ақ ағымдағы жылдың соңына дейін Жолдаудың негізгі қағидаларын түсіндіру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының желілік кестесі құрылды.

Жолдауды зерделеу және талқылау бойынша халық арасында жоспарлы ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу үшін қалалық ақпараттық топтың құрамы бекітілді. Топ 45 адамнан тұрады.

2021 жылдың І тоқсан бойынша Курчатов қаласы ішкі саясат бөлімінің атқарған жұмыстары туралы ақпарат
Дата публикации
31 марта 2021